Месси ұлттық құрамадан кеткен соң алғашқы матчында дубль жасады

Лионель Месси «Интер Майами» сапында дубль жасады

Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтағаннан кейінгі алғашқы кездесуінде Лионель Месси екі гол соқты.

«Интер Майами» MLS тұрақты чемпионатында «Ди Си Юнайтедті» өз алаңында 4:0 есебімен жеңді.

Кездесуде Луис Суарес 3 және 39-минуттарда, ал Месси 47 және 60-минуттарда мергендік танытты.

Осы жеңістің арқасында «Интер Майами» бес матчқа созылған жеңіссіз сериясын тоқтатып, Шығыс конференциясында екінші орынға көтерілді.

Мессидің биылғы MLS маусымындағы голдарының саны 23-ке жетті.