Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Самат Смақовтың ұлы Аламгир Смақов Түркияның жастар чемпионатында кезекті голын соқты.
18 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы «Бешикташтың» 19 жасқа дейінгі командасы сапында «Коджаэлиспорға» қарсы кездесудің 54-минутында мергендік танытты.
Матч 3:1 есебімен «Бешикташтың» пайдасына аяқталды.
Стамбұлдық клуб алты кездесудің барлығында жеңіске жетіп, 18 ұпай жинады. Ал Аламгир Смақовтың осы маусымдағы голдарының саны беске жетті.