Ақордада Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы ресми қарсы алу рәсімі өтті

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы ресми қарсы алу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мәртебелі меймандардың құрметіне Әскери әуе күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Бельгияның Мемлекеттік туларын желбіретіп, Ақорда алдынан ұшып өтті.

Салтанатты рәсім барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президенттік оркестр екі елдің әнұрандарын орындады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.