«Қорғай алмаса, миллионды неге алады?»: Гүлзира Айдарбекова Шымкентте болған концерт туралы пікір білдірді

Продюсер көрермендердің қауіпсіздігіне жауапты тараптың жұмысын сынға алды.

Әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсері Гүлзира Айдарбекова Шымкентте өткен концертте болған дауға қатысты пікір білдірді, - деп жазды Aikyn.kz.  

Продюсер көрермендердің қауіпсіздігіне жауапты тараптың жұмысын сынға алды.

«Күлгендердің басына еселеп келсін, Алла күлкісін тия алмайтындай етіп. Ұйымдастырушы емес, сақтыққа күзеттер жауап беру керек. Біреуге жаба салу – ең оңай тәсіл. Қорғай алмаса, пәлен млнды неге алады екен?» – деп жазды ол.

Айта кетейік, 10 қазанда Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда Қайрат Нұртастың концерті өтті. Көрермендердің шамадан тыс көп жиналуынан 18 жастағы бойжеткен зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.