«80 пайызы ененің кесірінен»: актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

Бұған желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп жатыр.

Актриса, блогер Жанель Мақажан әлеуметтік желіде оқырман сұрағына жауап берді, - деп жазды Aikyn.kz.  

Өнер иесінің айтуынша, қазір көп отбасы ененің кесірінен ажырасып жатыр.

«Мен бұл пікірге жауап беруім керек деп ойлаймын. Себебі біздің қоғамда, жалпы қазақ ер-азаматтарында анасы бірінші орында тұрғандықтан, көп отбасы ажырасып жатыр. Отбасылардың 80 пайызы ененің кесірінен ажырасады. Құдай ер мен әйелді жұп қылып жаратқан. Оны анасымен емес, жарымен бірге болу үшін қосқан», – дейді ол.

Бұған желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі мұндай жағдайдың көбейгенін растаса, енді бірі әйел барған жеріндегі адамдармен тіл табыса білу керек екенін айтқан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.