Президент Жарлығымен Аустрия және Пәкістандағы Қазақстан елшілері тағайындалды

Президент Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, сондай-ақ Қазақстанның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен Қазақстанның шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктерінде бірқатар кадрлық ауыс-түйістер орын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды;

Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Того Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.