Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Қазақстанның нақты мәндегі ЖІӨ өсімі 4,1%-ды құрады.

2026 жылдың қаңтар-маусымындағы Қазақстанның жалпы өңірлік өнімі туралы мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2026 жылғы қаңтар-маусымдағы өндіріс әдісімен ЖІӨ көлемі (есепті деректер бойынша) 71 215 382,4 млнтеңгені құрады.

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ЖІӨ нақты мәнде 4,1%-ға өсті.

Жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) өсу қарқынының ең жоғары көрсеткіштері Ұлытау (15,3%), Түркістан (13,3%) және Солтүстік Қазақстан (11,4%) облыстарында байқалды.

2026 жылғы қаңтар-маусымда ЖІӨ құрылымында ең үлкен үлесті Алматы қаласы (20,2%), Астана қаласы (12,5%) және Атырау облысы (11,7%) иеленді.

ЖІӨ өсіміне ең жоғары үлесті Алматы қаласы (0,68 п.т), Астана қаласы (0,62 п.т) және Алматы облысы (0,47 п.т) қосты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.