Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді.
– ҚР Сайлау туралы заңның 12-бабы 14-тармақшасына, 101-бабы 3-тармағына, 103-бабы 7-тармағына, 104-бабы 8-тармағына сәйкес және Президенттің барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлығының негізінде Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасында мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындау туралы қаулы жобасын ұсынады, – деді ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман.