Әлем чемпионатына Қазақстаннан алты гимнаст қатысады

Әлем біріншілігі 17-25 қазан аралығында өтеді.

Спорттық гимнастикадан Нидерландтың Роттердам қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Дүбірлі додада ел намысын алты гимнаст қорғайды. Атап айтқанда Нариман Курбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Ильяс Азизов, Нуртан Идрисов, Роман Хегай бақ сынайды.

Бұл бәсекеде 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына арналған алғашқы командалық жолдамалар сарапқа салынады.

ҚР ҰОК мәліметінше, әлем біріншілігі 17-25 қазан аралығында өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.