Бағыбек Құндақбайұлының 100 жылдығына арналған фестиваль өтеді

Фестивальге сарапшылар кеңесінің шешімімен іріктеуден өткен
10 театр қатысады.

19-24 қазан аралығында Қызылорда қаласында Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен қазақ театртану ғылымының көрнекті өкілі, театр сыншысы, профессор  Бағыбек Құндақбайұлының 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXXІ республикалық фестивалi өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Фестивальдің ұйымдастырушысы – Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры.

Фестивальге сарапшылар кеңесінің шешімімен іріктеуден өткен 10 театр қатысады. Қойылымдарды құрамына Қазақстанның танымал театр сыншылары кіретін қазылар алқасы бағалайтын болады.

Фестиваль аясында қала тұрғындары мен қонақтарына келесі театрлардың қойылымдарын тамашалауға үлкен мүмкіндік ұсынылады:

1. І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры,  «Міржақып»;

2. Б.Римова атындағы академиялық драма театры,  Ш.Айтматов «Жәмилә»;

3. С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау облысының қазақ музыкалық-драма театры, У.Шекспир «Макбет»;

4. Атырау Жастар театры, М.Әуезов «Қаралы сұлу»;

5. Ф.Достоевский атындағы мемлекеттік орыс драма театры, Ф.М.Достоевский «Қылмыс пен жаза»;

6. Абай атындағы Абай облыстық қазақ музыкалық драма театры, Ж. Әлікен «Қарағай»;

7. Ақмола облыстық орыс драма театры, М.Әуезов «Қараш асуындағы баллада»;

8. Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры, А.В.Сухово-Кобылин «Іс  №20/25»;

9. Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театры», М.Әуезов «Қарагөз»;

10. Түркістан музыкалық–драма театры, Қ.Аманжол «Пейіш». 

Қазақ театртану ғылымының көрнекті өкілі, театр сыншысы, профессор Құндақбаев Бағыбек Құндақбайұлының 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXXІ республикалық фестивалi қазылар алқасының құрамы:

Аманкелді Мұқан - М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театр және кино бөлімінің меңгерушісі, өнертану кандидаты, Қазылар алқасының төрағасы.

Бақыт Нұрпейіс - театртанушы, Өнертану докторы, профессор, қазылар алқасының мүшесі.

Әмір-Темір Хұсейін Жүсіпұлы - Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», ІІ дәрежелі «Барыс»  ордендерінің иегері, қазылар алқасының мүшесі.

Зухра Исламбаева - театртанушы, өнертану кандидаты, профессор, қазылар алқасының мүшесі.

Алтынгүл Нұрбекова – Өнертану магистрі, қазылар алқасының мүшесі.

Фестиваль бағдарламасы бойынша қойылымдар 19-24 қазан күндері Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының сахнасында өтеді. (Қызылорда қ., Әйтеке би көшесі, 44А.)