World Aquatics президенті Хусейн Әл-Мусалламды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев World Aquatics президенті Хусейн Әл-Мусалламмен кездесті.

Мемлекет басшысы әлемде және Қазақстанда су спорты түрлерін дамытуға үлес қосқаны үшін World Aquatics президенті Хусейн Әл-Мусалламды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы халықаралық ұйымның Қазақстан су спорты түрлері федерациясына көрсеткен қолдауын жоғары бағалап, өзара серіктестікті нығайтуға ниетті екенін айтқан болатын.