Алматы облысында коронавирустан қайтыс болған қазақстандық әйелмен байланыста болған адамдардың тест нәтижелері шықты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
"Тексеру барысында біз облыс аумағында қайтыс болған әйелмен тікелей байланыста болған тағы 7 адамды анықтадық. Олардың барлығы оқшауланып, талдау алынды. 27 наурызда түнде 4 адамның нәтижесі шықты. Корнавирус анықталған жоқ. Дегенмен, олар дәрігерлердің бақылауында карантинде қалады. Қалған 5 адамның нәтижесі кейін айтылады", - деп хабарлады баспасөз қызметі өкілі.Еске салайық, Ақмола облысы Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны 26 наурызда коронавирустан көз жұмды. Қайғылы оқиғаға дейін ол Шу қаласында болған, кейін құдалыққа Алматыға барып, Нұр-Сұлтанда емделген.