Оралда полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында бейәдеп сөздер айтылған бейнежазбаны анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде бейнежазбаның авторы анықталды. Ол Орал қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты.
Сот шешімімен құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция азаматтарды әлеуметтік желілерде қарым-қатынас жасау кезінде әдеп нормаларын сақтауға, қоғамдық тәртіпті құрметтеуге және балағат сөздер қолданудан аулақ болуға шақырады.