BI-Industrial Жамбыл облысында Soda Ash жобасы бойынша ауқымды жұмысты аяқтады

Қазақстандық BI-Industrial компаниясы Жамбыл облысында кальцийленген сода өндіретін зауыттағы Soda Ash жобасы аясында құрылыс жұмысын аяқтады.

ЕРС зауыт құрылысын жүргізу барысында нысандарды жобалау мен жабдықтарды сатып алудан бастап, құрылысты аяқтау мен пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңді қамтитын кәсіпорынның 12 нысанына жауапты болды. 

Жоба халықаралық ынтымақтастық аясында жүзеге асты. Инвестор түріктің COREX Group тобына кіретін Qazaq Soda компаниясы, ал бас мердігер қытайлық CAMCE фирмасы болды. Кәсіпорынның қуаты бірінші кезеңде бір жылда 500 мың тонна кальцийленген сода өндіруге жетеді. 

1 миллион текше метрден астам топырақты тасымалдады

BI-Industrial компаниясы ауқымды жұмыс атқарғанын жүзеге асқан жобалардың нәтижесіне қарап-ақ көруге болады. Солардың ішіндегі ең ауқымды жоба  – жалпы ауданы 658 гектар аумақтағы буландыру тоғаны. Бір ғана осы нысанның өзінде 809 мың текше метр жерді қазу, өңдеу жұмысы орындалды. Сондай-ақ ауданы 25 гектар болатын қатты қалдықтарды сақтау алаңын салу үшін тағы 221 мың текше метр топырақты қазып алып, тасымалдады. Жалпы алғанда, команда осы екі гидротехникалық нысан бойынша жерді қазып, 1 миллион текше метрден астам топырақты тасымалдады. 

Сонымен қатар тағы бір өте маңызды әктас өндіретін ауданы 18 гектар болатын нысан бар. Бұл жерде жылдық қуаты 1,2 миллион тонна шикізатты ұсақтап, сұрыптайтын кешен орналасқан. Зауыт аумағына бір шақырымнан астам жолдар мен тұйықталған теміржол кіреді. 

Сонымен қатар аумағы 8,7 гектар жеке тұрғын үй кешені салынды. Кәсіпорынның қызметкерлеріне арналған баспанада барлық жағдай жасалған. Алты тұрғын үй ғимараты, екі вилла, сауда орталығы, жүзу бассейні және 68 бөлмелі қонақүй бар. Тұрғын үй кешені тұрмысқа қажетті инженерлік инфрақұрылыммен жабдықталған. Ішкі әрлеу жұмысы жүргізіліп, жиһаз және тұрмыстық техникамен толықтай жабдықталған. Көше инфрақұрылымы толық жабдықталған.

Жобалау, құрылыс, жабдықтармен қамтамасыз ету және нысанды пайдалануға беруден бөлек, BI-Industrial кәсіпорынға қажетті 27 бірлік арнайы техниканы сатып алып, жеткізіп берді. 

Жаңа технология және халықаралық команда

Жобаның негізгі ерекшелігі – болашақ өндіріс алаңының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нысандарды салу. Қатты қалдықтарды сақтау орнын салу барысында BI-Industrial командасы алғаш рет геомембраналар мен геотекстильдерді қолданды. Бұл көпқабатты қорғаныс жүйесі нысанды оқшаулауға, сондай-ақ топырақ пен жерасты суынан келетін зиянның алдын алуға арналған.

Алайда, бұл жобаның күрделілігі тек инженерлік қиындықтармен ғана шектелмеді. Қазақстандық, түркиялық және қытайлық мамандар бір командада бір мезгілде қатар жұмыс істеді. Жобаны басқару тәсілдеріндегі ерекшеліктер, тілдік кедергілер, жобаға қатысушылар санының көптігі, нысанның елді мекеннен шалғай орналасуы және логистиканың күрделілігі тапсырыс беруші, бас мердігер және жұмысты орындаушы басқа да тараптар арасында үнемі үйлестіру жұмысын жүргізіп отыруға тура келді. 

Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан кезде енгізілген өзгерістерді басқару қажеттілігі қосымша жүктеме болды. Жаңа талаптар техникалық шешімдер, ресурстар, нысанды мерзімінде тапсыру үшін негізгі жұмыс тоқтаусыз  жүргізілді. Жобаға қажетті өзгертулер мен толықтырулар қоса қабат іске асты. Жоба жарты жолда қалмауы үшін команда ресурстарды қайта бөліп, міндеттерді орындау мерзімін уақытылы реттеп, түзету енгізді.

 «Soda Ash  жобасын қолға алған кезде біздің мақсатымыз бес нысан салумен шектелу емес еді. Біз жобаның бүкіл жүйесіне жауапты болдық. Атап айтқанда, жобалау, сатып алу және құрылысын аяқтап, нысанды пайдалануға беруге дейінгі процесті басқардық. Мұндай ауқымды жобаны халықаралық топпен бірлесе отырып жүзеге асырдық. Жоба бізден үнемі өзгерістерді басқаруды, мерзімінде аяқтауды, ресурстарды жеткізуді, мінсіз техникалық шешімдерді жетілдіруді талап етті. Бүгінде бұл тәжірибе BI-Industrial үшін ерекше құнды болып отыр. Себебі, EPC мердігері ретіндегі біздің мүмкіндігімізді тек теория жүзінде ғана емес, сонымен қатар іс жүзінде де дәлелдедік», – деп атап өтті BI-Industrial жобасының менеджері Айдана Болатова.  

Құрылыстан EPC кешеніне дейінгі жол

Soda Ash жобасы BI-Industrial компаниясының кешенді өнеркәсіптік мердігер ретіндегі моделін дамытуға ықпал еткен бастамалардың бірі болды. Жобаны жүзеге асыру барысында команда көптеген мүдделі тараптар мен халықаралық серіктестер қатысқан ауқымды жобаны басқару бойынша тәжірибе жинақтады. Сонымен қатар компания инженерлік жобалау және жабдықтармен қамтамасыз ету, EPC келісімшарттарды басқару, жобаға енгізілетін өзгерістерді реттеу, жұмыс кестелерін қадағалау, сапаны қамтамасыз ету және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өз әлеуетін нығайтты.

BI-Industrial үшін Soda Ash жобасы бойынша жұмыстың аяқталуы болашақ даму тұрғысынан да өте маңызды болды.  Мұнда жинақтаған тәжірибе компанияға Қазақстан мен шетелде ауқымды әрі технологиялық жағынан күрделі өнеркәсіптік жобаларға қатысуға мүмкіндік береді.

BI-Industrial – өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға маманданған BI Group компаниясының еншілес кәсіпорны. Компания портфеліне Саран қаласындағы KamaTyresKZ дөңгелек зауыты, Pepsi компаниясының жеңіл тағам өндірісі, Bakerton нан-тоқаш өнімдері зауыты, ERG компаниясының хром өңдеу өнеркәсібі, «Тенгизшевройл» компаниясының BMEI және 3GI жобалары, сондай-ақ басқа да түрлі өнеркәсіптік нысандар кіреді.