Қауіпті маневр жасап, отшашу атқан: Қарағандыда той кортежінің қатысушылары жауапқа тартылды

Қауіпті маневрлер жасау және азаматтардың тыныштығын бұзатын әрекеттер заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

Әлеуметтік желіде Қарағандыда үйлену тойы кортежіне қатысушылардың құқықбұзушылықтары түсірілген бейнежазбалар тарады. Кадрларда автокөлік жүргізушілері қауіпті маневрлер жасап, сауда орталығының автотұрағында отшашу атқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Полиция қызметкерлері барлық құқық бұзушыны анықтап, оларды жол ережесін және азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты.

Полиция жол жүрісіне қатысушылардың барлығы жол жүрісі қағидалары мен қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті екенін еске салады. Қауіпті маневрлер жасау және азаматтардың тыныштығын бұзатын әрекеттер заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.