"Отбасы құрмас бұрын материалдық жағдайды реттеу керек": әнші Бүркіт жастарға кеңес берді (видео)

Өнер иесі жастарға материалдық жағдайын реттеп барып, отбасы құруға кеңес берді.

Әнші Бүркіт “Отец”  подкастына берген сұхбатында отбасы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол ата-анасының отбасылық өмірі, бір-біріне деген қарым-қатынасы өзіне үлгі болғанын жеткізді. Сонымен қатар үйленер кезде анасының болашақ жұбайына деген көзқарасы маңызды болғанын жасырмады.

«Ата-анамның қалай өмір сүргенін, әкем анама қалай қарағанын көріп өстім. Құрметпен, сыйластықпен қарайтын. Отбасы болған соң ұсақ-түйек келіспеушіліктер болып тұрады. Бірақ екеуінің қатты жанжалдасқанын көрген емеспін. Қазір біз де солай өмір жатырмыз. ...Анам адамның қандай екенін көзіне қарап айтатын. Таныстырған қыздарымды ұнатпай жүрді 34 жасқа дейін. Бір күні анам Аишаны бейнебаяннан көріп, “Жақсы қыз ғой, көздері қандай мейірімді” деді. Сол сөзі есімде қалды”, – дейді Бүркіт.

Өнер иесі жастарға материалдық жағдайын реттеп барып, отбасы құруға кеңес берді. Ол өзі де отбасы құрмас бұрын осы мәселеге мән бергенін атап өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.