ТЖМ ұшағы Қызылордадан Алматыға екі нәрестені шұғыл жеткізді

«Қазавиақұтқару» әуе кемесімен «Қызылорда – Алматы» бағыты бойынша арнайы санитариялық рейс орындалды.

ТЖМ ұшағымен медициналық көмекке мұқтаж екі нәресте Қызылорда қаласынан Алматы қаласына жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Медициналық көмекке мұқтаж екі нәрестені жедел жеткізу үшін ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» әуе кемесімен «Қызылорда – Алматы» бағыты бойынша арнайы санитариялық рейс орындалды.

Алматыға жеткеннен кейін сәбилер қажетті медициналық көмекті одан әрі көрсету үшін бейінді медициналық мекеменің дәрігерлеріне тапсырылды.