Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Хорватияның Загреб қаласында өтетін "Үлкен Дулыға" турниріне қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жарыста ел намысын 17 спортшы қорғайды.
Ерлер
60 келі: Аман Бақытжан, Нұраділ Әлжан
66 келі: Нұрқанат Серікбаев
73 келі: Бақытжан Абдурахманов
90 келі: Ермахан Әнуарбеков, Нұржан Бисенов
100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев, Жантілек Нұртілепұлы
Әйелдер
48 келі: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева
52 келі: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова
57 келі: Дана Әбдірова
63 келі: Эсмигүл Куюлова
70 келі: Ажар Асхат
78 келі: Екатерина Токарева
78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова
Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін. Grand Slam турнирі 2026 жылы 13-15 қарашада өтеді.