"Неге ұстамды болмайсыз?": әнші Мадина Сәдуақасова сынға қалды (видео)

Әншінің әрекетін желі қолданушылары сынға алып, түрлі пікір жазып жатыр.

Әнші Мадина Сәдуақасова әлеуметтік желіде сынға қалды, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесінің әнші Ахтамбек Юлдашевпен бірге  түскен видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Онда Мадина Сәдуақасова дастарқан басында билеп отырғанын көруге болады.

Әншінің бұл әрекетін желі қолданушылары сынға алып, түрлі пікір жазып жатыр.

«Мадина неге сонша билеп отыр?», «Сонша бұраңдап билегені несі?», «Дастарханды құрметтеу керек қой тым болмаса», «Қазақтың қыздары неге ұстамды болмайсыздар», – деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.