Транскаспий байланыс желісін іске қосты

Әзербайжанның Баку қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты.

Президенттер Каспий теңізінің табаны арқылы Қа­зақстан мен Әзер­бай­жан­­ды жалғастыратын ұзын­­ды­ғы 380 шақырым­дық тал­шық­ты-оптикалық байла­ныс желісін сал­та­нат­ты түр­­де іске қосты.

Жобаны «Қазақ­теле­ком» АҚ мен AzerTelecom ком­­паниясы бірлесіп жү­зеге асырды. Бұл желі Қа­зақ­­стан­ды және Орталық Азия­­ның басқа елдерін, сон­дай-ақ Қытайды Еуро­па­мен жал­ғайтын жаңа бай­ланыс ба­ғытының бір бө­лігі сана­ла­ды. Ол Жерор­та теңізі мен Қа­ра теңізде ор­наласқан бай­­­ланыс жүйе­­леріне қо­сылуы мүмкін.

Жоба Қазақстанның цифрлық экономикасын да­мыту тұрғысынан стра­те­гия­лық мәнге ие. Атап айт­қан­да, ТОБЖ елімізде қо­сым­ша халықаралық бай­ла­ныс желісін іске қосып, отан­дық нарыққа жаһан­дық технологиялық ком­па­ния­­ларды тартуға және бұлт­ты сер­вистер мен жа­сан­ды ин­теллект инф­ра­құры­лымын дамытуға жағ­дай жасайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жо­­баны іске қосу рәсімінде ата­л­ған желі Қазақстан мен Әзербайжанның Орта дә­ліз­ді дамыту бойынша бір­лес­кен күш-жігеріне тың сер­­пін беретінін айтты.

– Біз халықаралық маңы­­зы зор бірегей жобаны іске қостық. Ең бастысы, бұл – жаңа заманның дә­лі­зі. Яғни көлік дәлізі ғана емес, мүлдем жаңа дәуірге, цифрландыру кезеңіне тие­сілі жаңалық. Бұл ынты­мақ­тастықтың түбегейлі со­ны форматы, Орта дәліз­дің цифрлық түрінің жүзеге асырылуы десек болады, – деді Қазақстан Президенті.

Ильхам Әлиев ТОБЖ-ны іске қосу арқылы Орта­лық Азия мен Әзербайжан арасындағы ықпалдас­тық­ты нығайтуға тағы бір қадам жасалғанын атап өтті.

– Былтыр Әзербайжан Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консуль­та­тивтік кездесуіне толық мү­ше ретінде қабылданды, биыл мен осы ұйымға то­лық мүше ретінде қатыс­тым. Аталған жоба ынты­мақ­тастықты тереңдетуге қо­сылған кезекті үлес бол­ды. Яғни бұл желіні Орта­лық Азия елдері де, Оң­түс­тік Кавказ жұрты да, одан тысқары елдер де пайдала­на­ды. Осылайша, бүгін жаһан­дық жобаны іске қос­тық, – деді Әзербайжан Пре­зиденті.

Ашылу салтанатында Пре­мьер-министрдің орын­­­­басары – Жасанды ин­теллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мә­диев, Әзербайжанның цифрлық даму және көлік министрі Рашад Набиев және «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин сөз сөйледі.

Сонымен қатар мем­ле­кет­тер басшыларының қа­ты­суымен Қазақстан Рес­пуб­ликасы Үкіметі мен Әзербайжан Республикасы Үкіметі арасында бұған дейін қол қойылған Транс­каспий халықаралық көлік дәлізін дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы ке­лісімді алмасу рәсімі өтті.