Бүгін Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионаты басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жарыстың алғашқы күнінде аса ауыр салмақта фавориттердің бірі саналатын Владислав Саможонов 1/8 финалда Хакан Дениз Коскунмен (Түркия) жолы түйісті.
ҚР Бокс федерациясы мәліметінше, алғашқы минуттан басымдықты қолға алған отандасымыз раунд сайын қарқынын арттырып, жекпе-жекті өз бақылауына алды. Осылайша техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Нәтижесінде төреші 3-раундта айқасты тоқтатып, жеңісті Владислав Саможоновқа берді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.