Актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесінің айтуынша, бақытты алыстан іздеудің қажеті жоқ. Ол қарапайым сәттерден тұрады.
«Бақыт дегеніміз үлкен жетістіктер ғана емес. Ол – жақындарыңызбен бірге ішілген бір кесе шай, анаңыздың күлкісі және жүректегі алаңсыз тыныштық», - деді актриса.
Сонымен қатар оқырмандарын кешірімді болуға шақырды.
«Өкпені жүректе мәңгі сақтамаңыз. Ренжу – басқа біреудің қатесі үшін өзіңізге берген жазаңыз. Кешірім жасау – әлсіздік емес. Бұл – өзіңізге сыйлаған тыныштық», - деді ол.
Желі қолданушылары бұл пікірмен келісіп, жылы лебізін білдіріп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.