Президент пәрмені орындалмай жатыр
Президент пәрмені орындалмай жатыр
118
оқылды
Мемлекет басшысының кә­­­сіпкерлердің несие төлемін кейін­ге шегеру туралы тап­сыр­­ма бергеніне бес күн өтті. Бі­рақ бұл тапсырма екінші дең­гейлі банктер тарапынан то­лық орындалмай отыр. Бұл ту­­ралы кәсіпкерлер әлеу­мет­тік желіде дабыл қағып, тал­қы­­лауға кірісті. Заңгер Ержан Есімхановтың айтуынша, қазіргі күні кәсіп­кер­лерді банктен алған несиесін ал­да­ғы уақытта қалай төлейтіні алаң­да­тып отыр. Уақытында төлемесе айып­пұл мен өсімақы жамала бе­реді. Төтенше жағдай жарияланған күні несие төлеу уақытын шегеріп берсе деп өтініш айтқаны да содан еді кәсіпкер қауымның. Бұл өтініш би­лікке жетті. Мемлекет басшысы 23 наурызда Төтенше жағдай ре­жимін қамтамасыз ету жөніндегі мем­лекеттік комиссияның оты­ры­сында: «Қазіргі күрделі жағдайдан зардап шеккен шағын және орта кә­сіпкерліктің барлық несиелері бойынша негізгі қарыздары мен сыйақыларын төлеуді тоқтата тұру – оларды нақты қолдау меха­низмдерінің бірі. Іскерлік белсен­ді­лікті салық тұрғысынан ынта­лан­дыру және бағаның тұрақ­ты­лы­ғын қамтамасыз ету үшін ке­шен­ді шаралар әзірлеуді, шағын жә­не орта кәсіпкерлікті барлық са­лық және міндетті төлемдерден 3 ай мерзімге босатуды тап­сы­ра­мын. Осы кезеңде оларға айып­пұл­дар мен өсімпұл жүрмеуі керек», – деді. «Президент сөзі бәріне түсі­нік­ті. «Барлық несиелер» деп айтыл­ды. Төлемдердің «барлық түрі» де­д­і. Бұдан кейін басқа әңгіме ай­­­тылмай, тапсырма орындалуы ке­рек еді. Алайда олай болмай шы­қ­ты. Қаржы нарығын реттеу және да­мыту агенттігі Президенттің жо­­ға­рыдағы сөзінен кейін банк­тер­дің төтенше жағдай кезеңінде ха­лыққа және кәсіпкерлік субъектілеріне қол­дау көрсету шараларына қатыс­ты түсініктеме жариялайды. Қы­зық­тың көкесі осы жерде ба­с­та­ла­ды», – дейді заңгер Оның айтуынша, түсіндірмеде «не­гізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлем мерзімі күн­тізбелік 90 (тоқсан) күннен асып кеткен банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша сыйақыны есептемейді де­лінген. Демек, кепілзат құны не­­сие сомасынан асатындарға сыйа­қы есептеледі. Ең бастысы, «Өті­нішті қарау процесінде кре­ди­тор қажет болған кезде төтенше жағ­дайдың енгізілуі нәтижесінде қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауын растайтын құ­жаттарды сұратады». Содан кейін ғана несиені төлеу мерзімінің кейінге шегерілетіні немесе ше­герілмейтіні туралы шешім қабыл­да­нады. Яғни Президент айтқан­дай барлық несиелер мен барлық тө­лемдерге бірдей несие төлеу мер­зімі шегерілмейді. «Осы тұста агенттік Президент нұс­қауларын шығармашылық тұр­ғыда түсіндіруге құқылы ма деген сұрақ туындайды. Агенттік мұны неге істеп отыр? Менің жеке пікі­рім, агенттік осылайша банктерге 2008, 2012 және 2015 жылдар­да­ғы­дай кезекті күйзеліске төтеп беруге кө­мектеседі. Президент адамдарға кө­мектесуді тапсырды, ал агенттік банк­терге көмектеседі. Банк бұл жерде кімді тыңдайды?» – дейді Е.Есімханов. Бұл сұрақтың жауабын білу мақ­­сатнда ForteBank-ке хабарлас­тық. Қалыптасып отырған төтенше жағдай кезінде банк Мемлекет бас­шысының тапсырмасын қалай орын­дап жатқанын сұрадық. Банк ресми сайтындағы сілтемені жө­нел­тумен шектелді. Хош, онда не деген екен? «Банк елімізде енгізілген тө­тен­ше жағдайға байланысты қиын жағ­дайда қалған клиенттерін қол­дау­ға дайын. Бірінші кезекте банк ен­гізілген шектеулерге байла­ныс­ты сауданы немесе қызмет көр­сету­ді тоқтатуға мәжбүр болған клиент­терге көмектеседі. Ондай клиент­тер өтінішпен бірге, бизнес жүр­гізуді тоқтатқанын растайтын құ­жат­тарды ұсынуы керек» делін­ген. Сонымен қатар банк бизнесін жаппаса да қаржылық жағдайы тө­­мендеп бара жатқан клиентте­рі­нің өтінішін жеке қарайтынын да айтып, бұл бағдарламаны банк несиесін тұрақты төлеп келген клиенттеріне ғана ұсынатынын ес­керткен. Мұнда да клиенттерді ала­лауға жол берілген. Айтқандай, атал­ған банк жеке кәсіпкер мен ШОБ-қа арналған қолдау көрсету бағ­дарламасын жасағанымен, же­ке тұлғаларға қатысты механизмді жа­сап аяқтамаған. Мұнда да Пре­зиденттің «барлық несиелер» деген тір­кесі ескерусіз қалғанын бай­қай­мыз. Екінші деңгейлі банктердің рес­ми сайттарында Президент тап­­сырмасын тап-тұйнақтай орын­­­дауға дайынбыз деген рай бар. Іс жүзінде қалай екенін тө­мен­дегі респонденттер баяндасын. Аты-жөнін атамауымызды сұраған кәсіпкер екінші деңгейлі банктің біріне барып, несие төлемін кейін­ге шегеру үшін не істеуі керегін сұра­ған. «Түсінгенім, өте көп құжат жи­науым керек екен, жеке куәлік, ха­лыққа қызмет көрсету орта­лы­ғынан мүліктің тіркелгені туралы анық­тама, мүлік ауыртпалығы ту­ра­лы анықтама, соңғы бір жыл­дағы жалақым туралы анықтама, не­кеде болсам оны растайтын куә­лік, жолдасымның транзиттік шо­тындағы айналым, оның жеке куә­лігі, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың туу туралы куәліктері, қо­салқы қарыз алушым болса, оның құжаттары, жұмыстан қыс­қарту немесе шығарылғаны туралы анықтама апарып, өтінішті қарауға 10 мың теңге төлеуім керек екен. Бұл құжаттың барлығын несие алар­да банкке өткізгенмін, соны айт­сам, банктің талабы деген жауап алдым», – дейді. Оның ай­туын­ша, несие төлеуді кейінге ше­гергенде, банк шегерілген үш ай­дың ақшасын қалған айларға бө­ліп тастайды екен. Яғни, сізде он ай бойы төлейтін несие қалған болса, үш айға шегергенде төртінші ай­дан бастап, ары қарай он ай тө­лей­мін деп ойласаңыз, қателесесіз, се­бебі банк шегерілген үш айдың ақ­­ша­сын қалған 7 айға бөліп қо­са­ды. Сондықтан несие төлемін ше­геруге өтініш бермес бұрын ойла­нып алған дұрыс. Біз жоғарыда кей банктердің же­ке тұлғалардың несие төлеу мер­зімін шегеруге қатысты механизмді жасап бітпегенін тілге иек етті. Біз­ге сұхбат берген Әлима Жапа­рова Каспий банктен жеке тұлға ре­тінде алған несиесінің төлемін ше­г­ергісі келеді. Сондай өтінішпен банк­ке барған, ал банк әуелі нау­рыз айындағы несиені төлеуді та­лап еткен. «Наурыз айындағы не­сиемде төлеген соң ғана менің те­лефонымдағы қосымша арқылы не­сиемді екі айға шегеріп беретінін айт­ты. Ал мен оларға дәл қазір не­сие төлеуге мүмкіндігім жоқ еке­нін, үш баламен әлі қанша уақыт жұ­мыссыз отыратыным белгісіз екенін айтып түсіндіре алмадым. Тө­тенше жағдай 16 наурызда жа­рия­ланды, ендеше наурыздың не­сиесін де шегеріп беруі керек емес пе?» – дейді ол. Қысқасы, қарапайым халық та, кең­сесінде арнайы заңгер ұстап отырған кәсіпкер де Президент айт­қан жеңілдіктің қалай жүзеге аса­тынын ұға алмай дал. Бұл мә­селеде кәсіпкерлер құқын қор­ғай­тын «Атамекен» ұлттық кәсіп­кер­лер палатасы да дәрменсіз болып тұр...   БЕТ ҚАТТАЛЫП ЖАТҚАНДА:

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі  Мемлекет басшысы­ның тапсырмасы негізінде Төтенше жағдай кезеңінде халыққа және кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету шараларын іске асырудың жан-жақты тәртібі бекітілгенін хабарлады. Соған сәйкес, зейнеткерлер, мүгедектер, әлеуметтік төлем алушылардың несиесі автоматты түрде шегеріледі. Ал жеке тұлғалар мен ШОБ субъектілерінің несиесін төлеу мерзімі еркін форматтағы өтініші негізінде (растайтын құжаттарсыз және өтінішті қарау комиссиясына ақша алмай) 2020 жылдың 16 нау­ры­зынан 2020 жылдың15 маусымына дейін шегеріледі. Бұл туралы мақала газеттің алдағы санында жарияланады.

 

 width=    Халима БҰҚАРҚЫЗЫ