Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорда хабарлады

Президент Пәкістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Aikyn.kz 

Қасым-Жомарт Тоқаев Пешавардағы мектеп ғимараты шатырының опырылуы салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты.

Мемлекет басшысы Пәкістан халқының қайғысына ортақтасып, зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.