«Аңыз адам»: Мейрамбек Бесбаев жаңа суреттерін жариялады

Желі қолданушылары әншінің жазбасына түрлі пікір қалдырып жатыр

Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев Instagram парақшасында Лондонда түсірілген жаңа фотоларымен бөлісті.

Суреттерде өнер иесінің Ұлыбритания астанасындағы әйгілі Биг-Бен мұнарасының жанында тұрғанын көруге болады.

Желі қолданушылары әншінің жазбасына түрлі пікір қалдырып, жылы лебіздерін білдірген.

«Жолың болсын, аңыз адам!», «Аман жүріңіз!», «Сапарыңыз сәтті болсын!» деген мазмұнда пікірлер жазылған.