Тағы 43 адам коронавирус жұқтырған

Тағы 43 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда тағы 43 адам коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

"Қазақстандағы коронавирус бойынша 28 наурыз сағат 11:30 жағдай Коронавирус індетін жұқтырған тағы 43 адам тіркелді, Нұр-Сұлтан қаласында - 32 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы қаласында - 2 адам, Ақмола облысында - 2 адам, Алматы облысында - 3 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, Атырау облысында -1 адам. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 107 адам, Алматы қаласында – 57 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 4 адам, Ақмола облысында - 5 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, жалпы 191 науқас тіркелді", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.