Мессидің қос доп соғып, «Интер Майами» қатарынан үшінші рет жеңіске жетті

Месси кәсіби футбол мансабындағы жалпы соққан голдар санын 936-ға жеткізді.

«Интер Майами» футболшылары Major League Soccer (MLS) тұрақты чемпионаты аясында сырт алаңда «Атланта Юнайтед» командасын 3:1 есебімен жеңді. «Мерседес Бенц» стадионында өткен кездесуде бірінші таймның соңында қонақтар сапынан Херман Бертераме есеп ашты. Ал екінші таймда аргентиналық шабуылшы Лионель Месси 56 және 60-минуттарда қос гол соғып, небәрі төрт минуттың ішінде дубль жасады. Алаң иелерінен жалғыз жауапты допты 89-минутта пенальтиден Фафа Пико енгізді.

Осы қатарынан үшінші жеңісінің арқасында «Интер Майами» 55 ұпай жинап, Шығыс конференциясында екінші орындағы позициясын нығайтты және плей-офф кезеңіне жолдаманы ерте қамтамасыз етті. Турнирлік кестеде олар тек көш бастап тұрған «Нэшвиллге» (67 ұпай) есе жіберіп тұр. Ал «Атланта Юнайтед» командасы 30 ұпаймен Шығыс конференциясында соңғының алдындағы 14-сатыда қалып қойды.

Осы матчтағы сәтті ойынынан кейін 39 жастағы Лионель Месси маусымдағы голдар санын 25-ке жеткізіп, MLS сұрмергендерінің тізіміндегі көшбасшылығын бекіте түсті. Бұл көрсеткіш аңызға айналған шабуылшының кәсіби футбол мансабындағы жалпы соққан голдар санын 936-ға жеткізді.