Белгілі әнші Сәкен Майғазиев Instagram парақшасында анасы жайлы жазба жариялады.
Бір АЛЛАға шексіз шүкірлер мен сансыз мақтаулар болсын! ПАЙҒАМБАРымыз МҰХАММЕДке сансыз салауаттар болсын.
Өлім - хақ. Әрбір тіршілік иесі өлімнің дәмін татады. Алайда, анашым сияқты өнегелі өмір сүріп, ғибратты ғұмыр кешіп, АЛЛА тағаланың бұйырған бес парызын бұлжытпай орындап, ата-ана, ата-ене, адал жардың разылығын алып, он құрсақ көтеріп, Майғазы атамнан тараған төрт ұлдың ұрпақтарының барлығын бауырына басып, емізіп, сосын бейнетінің зейнетін көрген аналардың бірі біздің анамыз. Қайғымызды бөлісіп, көңіл айтып жатқан қара ормандай қалың ҚАЗАҒЫМА, алыс-жақын шет елдегі БАУЫРЛАС халықтарға АЛЛА разы болсын.
Барша нәзік жандарға, әпке-қарындастарыма, жеңге, келіндеріме, жұбайыма, қыздарыма біздің анамыздың ақ жолын, әдемі жасын нәсіп етсін.
Адам баласы о дүниеге барғанда “Неге көбірек жақсылық жасамадым, неге көбірек құлшылық қылмадым, неге көбірек садақа бермедім” - деп өкінеді екен. Бір күн уақытым болса ауылға барып анашымның көңілін табуға қанша тырысып жүрмін десем де, “Неге бұдан да көбірек қасында болмадым” - деген өкініш өзегіңді өртейді екен, - деп жазды әнші