Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымның соңғы кезеңіндегі мақсаты мен Қытайдың Нинбо қаласындағы турнирге қайта оралуын түсіндірді, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Sports.kz-ке сілтеме жасап.
— Ең алдымен, мұнда қайта оралғаныма қуаныштымын. Бұл турнирден керемет естеліктерім бар. Тағы да жеңіске жетемін деп үміттенемін. Оны уақыт көрсетеді, — деді Елена Рыбакина.
Оның айтуынша, ол үшін ең маңыздысы — маусымды әлемдік рейтингтің бірінші сатысында аяқтауға тырысу. Сондықтан алдағы екі аптада бар күшін салатынын жеткізді.
— Биылғы маусым сәтті өтті, бірақ сонымен бірге ұзаққа созылды. Қазір денсаулығыма баса назар аударып, физикалық жүктемені, матчтарды және басқа да міндеттерді дұрыс үйлестіруге тырысып жүрмін. Маусымның соңғы кезеңін жоғары деңгейде өткізгім келеді, — деді ол.
WTA 500 санатындағы Нинбо турнирі 19 қазанда басталып, 25 қазанда аяқталады. Рыбакина жарысқа былтырғы чемпион ретінде қатысады. Өткен жылы ол финалда ресейлік Екатерина Александровадан 3:6, 6:0, 6:2 есебімен басым түсіп, турнир жеңімпазы атанған.