Қазақстандық балуан Мерей Базарбаев еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Ол жастар арасындағы 57 келіге дейінгі салмақ бойынша топ жарды.

Қазақстандық балуан Мерей Базарбаев АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол финалда түркиялық Бекир Кесерді жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Мерей Базарбаев жарыс барысында бірнеше мықты қарсыласынан басым түсті. Ол ширек финалға дейін америкалық Люк Лилледальды 3:1 есебімен ұтты. Кейін франциялық Расул Галбураевты 13:2 есебімен жеңіп, жартылай финалда жапониялық Дайто Кацумэден 7:0 есебімен басым түскен.

Осылайша, қазақстандық балуан әлем чемпионатының алтын жүлдесін иеленді.