Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Ахуалдық орталығы мен Құқық қорғау жүйесі бөліміне жаңа басшыларды тағайындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Арман Асқарұлы Әбдірәсілов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды;
Азамат Нұрланұлы Дүйсембеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.