Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Касабланкада өтіп жатқан семсерлесу Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Осы жеңістің нәтижесінде спортшыларымыз Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) рейтингінде алғаш рет бірінші орынға шықты.
Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылар әлемнің ең айтулы додаларында Қазақстанның көк Туын желбірете беруіне тілектес екенін білдірді.