Спорттық атудан әлем чемпионатына Қазақстаннан кімдер қатысады?

Әлем чемпионаты 1-14 қараша күндері өтеді.

Қатардың Доха қаласында өтетін нысана көздеу мен стенд атудан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылардың алдын ала тізімі жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дүбірлі додада ел намысын 30 спортшы қорғайды.

Стенд ату: Әлішер Айсалбаев, Айжан Досмағамбетова, Элеонора Ибрагимова, Ольга Хайлова, Александр Мухамедиев, Әсем Орынбай, Зоя Пискун, Даниил Почивалов, Марк Почивалов, Максим Почивалов, Наргиза Сарманова, Александр Ещенко.

Нысана көздеу: Сәуле Әлімбек, Елизавета Безрукова, Никита Чирюкин, Кирилл Федькин, Артемий Кабаков, Александра Ле, Арина Малиновская, Константин Малиновский, Олег Носков, Валерия Попелова, Валерий Рахымжан, Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин, София Шульженко, Нина Старова, Кирилл Цуканов, Руслан Юнусметов, Ирина Юнусметова.

Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін. Әлем чемпионаты 1-14 қараша күндері өтеді.