ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды kazinform.kz. Жарлықтың толық мәтіні мынадай:
"Г.Н.Әбдіқалықованы Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 28 наурыз № 295"