Әнші Бүркіт «Отец» подкастында отбасы құрған кезін еске алды, – деп жазды Aikyn.kz.
34 жасында үйленуге шешім қабылдаған өнер иесі ата-анасына ескертпей, достары мен жақындарын шақырып, неке қидырған. Ол бұл қадамын ересек адамның әрекеті деп санаған. Алайда осы жағдайға байланысты әкесі біраз уақыт ренжігенін айтты.
«Ешкімге айтпай, достарымды, әпкем мен інімді ертіп барып, некемізді қидырдық. Содан кейін Таразға, ата-анама барып, үйленетінімді айттым. Сол кезде әкем қатты ашуланып, “Сен жетімсің бе? Неге бізге айтпадың? Неге біз білмей қалдық?” деп ұрсып, ренжіді. Ауылға бара жатқанда да, қайтар жолда да 60 шақырым бойы маған ұрсып барды. Кейін анам сөйлесіп, мән-жайды түсіндірді. Сөйтіп той қамына кірістік», — дейді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.