Бибарыс Әшірбай әлем чемпионатында Аргентина боксшысын жеңді

Қарсыластың адымын аштырмай, шабуыл мен қорғаныста да өте сауатты жұдырықтасты.

Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионатында отандасымыз шаршы алаңға шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

70 келіде басты фавориттердің қатарына кіретін Бибарыс Әшірбай 1/16 финалда Сантьяго Хименез Лоссомен (Аргентина) өзара мықтыны анықтады.

Бокс федерациясы мәліметінше, алғашқы раундтан шеберлігі әлдеқайда жоғары отандасымыз қарсыластың адымын аштырмай, шабуыл мен қорғаныста да өте сауатты жұдырықтасты. Қорытынды есеп: 5:0.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.