Бастауыш партия ұйымы құрылды

Маңғыстау облысында «Әділет» партиясының жаңа бастауыш партия ұйымы өз жұмысын бастады.

Ол Ақтау халықаралық теңіз сауда портында құрылды. Кездесуге партия филиалының өкілдері, порттың басқарма төрағасы Ғалым Айтжанов және кәсіпорын қызметкерлері қатысты.

Ақтау қалалық филиалының төраға­сы Абзал Мараттың айтуынша, бас­тауыш партия ұйымын құру туралы бас­таманы порт қызметкерлерінің өз­дері көтерді.

– Партия Төрағасы Айбек Дәдебайға еңбек ұжымынан ұсыныс келіп түсті. Бұл – еңбек адамдарының партия жұмы­сына белсенді араласуға деген қызығушылығының көрінісі. Бастауыш партия ұйымы арқылы порт қызметкер­лерінің бастамаларын жүйелі түрде жеткізу және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді бірлесіп шешу мүмкіндігі арта түседі, – деді Абзал Марат.

Бүгінде ұйым жүзге жуық белсенді азаматты біріктіріп отыр. Негізгі жұмыс басымдықтары – қызметкерлердің мүддесін қорғау, еңбек ұжымының ішкі мәселелерін жедел шешу және мемле­кеттік институттармен өзара байла­нысты нығайту.

Жаңа бастауыш партия ұйымының төрағасы болып Ғалым Айтжанов, ал хатшысы ретінде Гүлмира Байғұлова сайланды.

Ғалым Айтжанов порт өңір эко­номикасында маңызды рөл атқаратынын жеткізіп, жаңа ұйым қандай міндеттер қойып отырғанын айтты.

– Біздің теңіз сауда портымыз – аса маңызды нысандардың бірі. Мұнда еңбек етіп жүрген азаматтардың ұсы­ныс­тары мен пікірлері әрдайым басты назарда болуы керек. Партия ұйымның құрылуы бұл жұмысты жүйелеуге мүм­кіндік береді. Біздің міндетіміз – еңбек ұжымының белсенділігін нақты істерге бағыттап, ортақ бастамаларды жүзеге асыру үшін партиялық алаңды тиімді пайдалану, – деді Ғалым Айтжанов.

Кездесу соңында ұжым мүшелерін жаңа партия ұйымының өз жұмысын бас­тауымен құттықтады. Құрылтай сай­лауында белсенділік танытқан қатысу­шыларға партия төрағасы Айбек Дәде­байдың атынан алғысхаттар табысталды. 

Тілек ҚАБЫЛ