Мемлекет басшысының өкімімен Евгений Дмитриевич Кочетов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Евгений Дмитриевич Кочетов 1988 жылы қазіргі Астана қаласында дүниеге келген.
Қазақ гуманитарлық заң университетін, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолы
2009-2013 жылдар аралығында «Жас Отан» ЖҚ және «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратының түрлі құрылымдық бөлімшелерінің кеңесшісі, сарапшысы, консультанты лауазымдарында жұмыс істеді.
2013-2014 жылдары — «Цесна Корпорациясы» АҚ девелопмент бөлімшесінің басшысы.
Әр жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.
2016 жылы «Қазконтент» АҚ-ның Kaztube.kz жобасының жетекшісі болды.
2016-2017 жылдары - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінің директоры.
2017-2018 жылдары — «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасы.
2018-2019 жылдары «Нұр Отан» партиясының стратегиялық бастамалар институты директорының орынбасары қызметін атқарды.
2019-2020 жылдары – «Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты КЕАҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі.
2020-2023 жылдары «Медиа Даму коры» корпоративтік Қорының бас директоры болып жұмыс істеді.
Әр жылдары «Литер» қоғамдық-саяси газетінің, «Капитал» іскерлік басылымының, «Власть» интернет-журналының, «Информбюро» ақпараттық-талдау порталының шолушысы болып жұмыс істеді.