Президент 28 қазанда Жолдау жариялайды

Бұл туралы Х әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды. Бұл туралы Х әлеуметтік желісінде мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

– 28 қазанда түске дейін жылдағы дәстүрге сай Қазақстан халқына Жолдауымды жариялаймын. Қазір осы маңызды құжаттың мәтінімен жұмыс істеп жатырмын, - деп жазды Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы телекөпір режимінде Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.