«Өлген жоқпын...»: Бағлан Әбдірайымов өзі туралы жалған ақпарат тарағанын айтты (видео)

Бағлан Әбдірайымов жалған таратқандарға ренішін білдірді.

Әнші Бағлан Әбдірайымов әлеуметтік желідегі парақшасында өзі туралы жалған ақпарат таралғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ердос Қанаев "Бағлан бауырым Раббысына қайтты" деп басқа досы жайлы жазған қайғылы хабарды кейбір желі қолданушылары басқаша түсінген.

Бағлан Әбдірайымов жалған таратқандарға ренішін білдірді. 

"Ассалаумағалейкүм! Туған күніме орай сіздерден жақсы тілек естідім. Құран оқыттық, көкпар бердік. Бәрі жақсы өтті, Аллаға шүкір. Бата алдық, азаматтарды атқа мінгіздік. Енді жұмысқа кірісейін деп жатсақ, мынадай хабарламалар келіп жатыр. Таңғалдым. Таныстарым, достарым хабарласып жатыр. Адам шошитындай ақпарат. Осылай жасауға бола ма енді? Құдайға шүкір, тіріміз ғой. Әлі қаншама әндерім бар, жарыққа шықпаған", - деді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.