Жамбыл облысының әкімі Мейрамбек Бесбаевты мерейтойымен құттықтады (видео)

Өнер иесі шығармащылық кешін алдымен туған жерінде жасаған.

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Бесбаев биыл елу жасқа толады. Мерейтойына орай ол еліміздегі бірнеше қалада концерт өткізеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі шығармашылық кешін алдымен туған жерінде  жасаған. Тараздағы концертіне облыс әкімі Ербол Қарашөкеев келіп, әншіні құттықтады.

«Қазақ ән өнерінің көрнекті өкілі, халықтың сүйікті әншісі Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеші туған жері – Әулиеатадан басталды. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев мерейтой иесіне құрмет көрсетіп, өнер жолындағы жетістіктеріне тоқталып, ақжарма тілегін жеткізді. Қоңыр дауысымен талай жүректі тербеген Мейрамбек Беспаев «Бозторғай» әнімен бала кезінен елге танылып, бүгінде қазақ өнерінің төрінен орын алған дара тұлғаға айналды. «МузАРТ» тобымен бірге ұлттық эстраданың дамуына үлес қосып, кейінгі буын өнерпаздарға да жол ашып келеді», - деп жазды әкімнің баспасөз қызметі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.