Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов америкалық танымал рэпер A$AP Rocky лақап атымен танымал Раким Ателастон Майерстің жаңа бейнебаянын түсіруге қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Shroom Clouds әніне түсірілген бейнебаян 19 қазанда жарық көрді.
Отандасымыздың аты-жөні бейнебаян соңында көрсетілетін тізімде жарияланған.
Режиссер әлеуметтік желідегі парақшасында A$AP Rocky-мен бірге түскен суретін және бейнебаяннан үзінді жариялап, әсерін жеткізген.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.