Қазақстан мен Канада азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Астанада Қазақстан мен Канада Көлік министрліктерінің кездесуі өтті.

Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Астанада өтіп жатқан ИКАО авиациялық қауіпсіздік апталығы (ICAO Security Week 2026) аясында Канаданың Көлік министрлігінің өкілі Лиза Сетлаквемен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кездесу барысында тараптар азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, әуежайлар қызметін реттеу және шағын авиацияны дамыту мәселелеріне назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестік қатынастарды одан әрі нығайтуға және азаматтық авиация саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.