Республика күні қарсаңында ұландық 2000-шы рет жауынгерлік қызметке шықты

Ұлттық мереке алдында Ұлттық ұланның 3650 әскери бөлімінің аға сержанты Бекнар Жылқышпаев 2000-шы рет жауынгерлік қызметке түсті.

Ұлттық мереке алдында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 3650 әскери бөлімінің аға сержанты Бекнар Жылқышпаев 2000-шы рет жауынгерлік қызметке түсті. Ол маңызды мемлекеттік нысандарды күзететін бөлімде 20 жылға жуық уақыт бойы абыроймен қызмет етіп келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аға сержант Жылқышпаев әскери жолын қатардағы жауынгер болып бастаған. Жылдар бойы жинаған тәжірибесі мен кәсіби біліктілігінің арқасында бүгінде қарауыл бастығы қызметін атқарады.
Оның күнделікті міндеті – маңызды нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қарауыл қызметінің талапқа сай орындалуын қадағалау.

Әскери қызметке жауапкершілікпен қарайтын аға сержант алты баланың әкесі. Қарасаз ауылының тумасы өлең жазып, ән айтуды да жанына серік еткен.

Айта кетейік, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері патрульдік және қарауылдық қызметпен қатар, мемлекеттік маңызды нысандарды күзетуге де жұмылдыралады.

Ұландықтың мереке қарсаңындағы мерейлі жауынгерлік кезекшілігі – ел тыныштығын күзету жолында атқарған көп жылғы қызметтің елеулі көрсеткіші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.