Құрылтай 2025 жылы 15 қарашада Ташкентте жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы екі елдің кеден қызметі өкілдіктерін ашу туралы келісімді ратификациялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Келісім аясында жедел ақпарат алмасуды, қатерлердің алдын алу және жолын кесу жөніндегі шараларын келісу, сондай-ақ екі мемлекеттің құзыретті органдарының жұмысын үйлестіру көзделген.
Құжаттың ережелерін іске асыру Қазақстан мен Өзбекстанның кеден органдары арасындағы іс жүзіндегі іс-қимылды нығайтуға, өзара сауданы, сондай-ақ тауарлардың, көлік пен азаматтардың мемлекеттік шекаралар арқылы қозғалысын жеделдету үшін қосымша жағдайлар жасауға жол ашады.