Камила Оспанова әлем чемпионатында нокаутпен жеңіске жетті

Алғашқы минуттан отандасымыздың соққылары қарсыласқа дөп тиіп, уақыт өткен сайын басымдығы артты.

Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Күндізгі сессияда 70 келіде фавориттердің қатарына кіретін Камила Оспанова 1/8 финалда Еуропа чемпионы Лорена Хорватпен (Хорватия) айқас өткізді.

Алғашқы минуттан отандасымыздың соққылары қарсыласқа дөп тиіп, уақыт өткен сайын басымдығы артты. Нәтижесінде Камила қарсыласын 3 мәрте нокдаунға жіберіп, 3-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.