Әнші Жазира Байырбекова "Әгугәй" ансамбліне театр ашу үшін ұшағын сатылымға шығарды, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі бұл жаңалығын Instagram парақшасында жариялады. Ол ұшақты сатып алғысы келетіндерді ансамбльдің парақшасына кіріп, көруге шақырды. Хабарландыруда әуе кемесінің бағасы 16 миллион доллар деп көрсетілген.
"Театрды ашу үшін самолетімізді сатамыз деп шештік. Алғысы келетіндер ансамбльдің парақшасына тіркеліңіздер!" – деп жазды әнші.
Бұл оқырман үшін күтпеген жаңалық болды. Желі қолданушылары әншілердің ұшақ сатып алатындай табыс тапқанына таңғалысын жасырмаған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.