Металлургия – мемлекеттің стратегиялық бағыты

Мемлекет басшысы телекөпір режимінде Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты.

Президент салтанатты рәсімде сөз сөйлеп, Абай облысындағы Ақтоғай кен орнында са­лы­натын мыс балқыту зауытын тұтас ел эко­номикасының өркендеуіне тың серпін бе­ре­тін аса маңызды жобаның бірі деп атады.

– Жалпы, тау-кен металлургиясы мем­л­е­ке­ті­міз үшін стратегиялық маңызы зор сала еке­ні белгілі. Мен былтыр халыққа Жол­дауым­да осы мәселеге арнайы тоқталдым, нақ­ты міндеттерді айқындадым. Сондықтан жаңа зауыттың құрылысын осы бағытта істе­ліп жатқан белсенді жұмыстың нәтижесі деп айтуға болады. Баршаңызға мәлім, бүгінде Қа­зақстан дамудың даңғыл жолына түсіп, тарихи өрлеу дәуіріне сеніммен қадам басты. Біз біртұтас әрі жасампаз жұрт болып аса ау­қымды реформаларды табысты жүзеге асы­рып жатырмыз. Ең бастысы, жарқын бо­ла­ша­ғымызға бағдар болатын Конс­ти­туция­мыз­­ды қабылдадық. Конституцияда ұлты­мыз­дың мызғымас құндылықтары мен қа­ғи­даттары толық көрініс тапты. Азаматтардың әл-ауқатын арттыру стратегиялық міндет ре­тінде айқындалды. Осындай өндірістік жо­ба­лар, ең алдымен, еліміздің игілігін арт­тыру­ды көздейді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстанның көптеген пай­далы қазбаларға ие мемлекет ретінде осы та­­биғи ресурстарды тиімді пайдалануға бар­лық күш-жігерін салып жатқанына назар ау­дарды.  Елімізде 9,5 мыңнан астам кен орны бар. Қазақстанда жылына шамамен 160 мил­лион тонна кен өндіріледі. 3,5 миллион тон­на­ға жуық мыс концентраты шығарылады.

– Жалпы, еліміздегі өңдеу өнеркәсібінің да­му қарқыны жақсы деп айтуға болады. Был­тыр өңдеу саласындағы жалпы өнім көлемі 60 миллиард долларға жетті. Соңғы үш жылда еліміздің барлық аймағында 540 индустриялық жоба іске қосылды. Соның арқасында 50 мың тұ­рақты жұмыс орны пайда болды. Бүгінде бәрі­міз тағы бір өндірістің басталуына куә бо­лып отырмыз. Бұл – ел экономикасына сер­пін беретін маңызды оқиға. Жаңа кәсіп­орын жылына 300 мың катодты мыс ш­ы­ғара­ды. Бұл ішкі нарықтың сұранысын толық қам­тамасыз етуге жетеді. Осы зауыт іске қо­сыл­ған соң Қазақстан жоғары сапалы тазар­тыл­ған мыс өндіретін жетекші елдердің он­ды­ғына кіре алады. Бұдан бөлек, аталған кә­сіп­орында алтын және күкірт қышқылы өн­дірілмек. Бір сөзбен, бұл ауқымды жоба отан­дық металлургия саласының дамуына қо­мақты үлес қосатыны сөзсіз, – деді Мем­лекет басшысы.

Президент кәсіпорын акционерлерінің алдында өте маңызды міндеттер тұрғанын айтты.

– Әсіресе жұмысшылардың заңды әлеу­мет­тік қажеттіліктерін қамтамасыз ету қажет. «Ха­лық үніне құлақ асатын мемлекеттің» бас­ты мәні де – осы. Үкімет, жергілікті билік өкіл­дері еңбек ұжымдарымен тығыз байланыс ор­натып, белсенді жұмыс істеуі керек. Бұл жұ­мыс «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасына сәй­кес жүргізілуге тиіс, – деді Мемлекет бас­шысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіп сала­сы­на цифрлық технология мен жасанды ин­тел­лектіні жаппай енгізу ісіне баса мән беруге ша­қырды.

– Озық шешімдер кәсіпорынның өнім­ділігін арттырып, еңбек қауіпсіздігін кү­шей­туге, апаттардың алдын алуға мүмкіндік бере­ді. Жақында өткен AI & Digital Bridge фору­мында мен Үкіметтің алдына нақты мін­дет қойдым. Зауыт салу барысында осы мәсе­ле­ні ескерген жөн. Ең алдымен құрылыс жұ­­­мысын сапалы жүргізіп, уақытылы аяқтау қа­жет. Осы бірегей жобаны жүзеге асыруға бел­сене атсалысып жатқан барша азаматқа, қы­тайлық серіктестерімізге шынайы риза­шы­лығымды білдіремін. Ақтоғай мыс өңдеу ке­шені Қазақстанның өнеркәсіптегі әлеуетін арт­тыра түсуге зор үлес қосады деп сенемін, – деп түйін­деді сөзін Президент.

Бұдан кейін Президент Ақтоғай мыс бал­қыту зауыты құрылысының ресми түрде бас­талуына рұқсат берді. Кәсіпорында кен байы­тудан бастап одан дайын металл шығаруға дейін­гі толық өндірістік цикл қарастырылған. Ке­шен өзінің кен орнынан алған мыс кон­центратын өңдейді. Бұл шикізат көзін ғана қам­тамасыз етіп қоймай, Қазақстанда шы­ғары­латын өнімнің қосылған құнын арт­тыру­ға мүмкіндік береді.

Жобаны KAZ Minerals тобы жүзеге асы­рады, ал қытайлық NFC компаниясы – ин­же­нерлік серіктес. Бастамаға шамамен 1,8 мил­лиард доллар инвестиция салынады, сон­дай-ақ оның аясында 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. 2030 жылы ал­ғаш­қы мыс катодын алу жоспарланып отыр. Зауытта мыстан бөлек, алтын, күміс және бас­қа да ілеспе өнімдер шығарылады.