Құқық – қоғамның қорғаны

Қоғамның дамуы ең алдымен заң мен тәртіпке байланысты. Заң – мемлекеттің қабылдаған, барлық азамат орындауға міндетті ережелер жүйесі.

Ал тәртіп – сол заңдардың бұлжытпай орындалуы және әрбір адамның мінез-құлқының қоғам талабына сай болуы. Өз құқығыңды қалай қорғап, міндеттеріңді қалай есте сақтауға болады? 

Қарағандыда «Заң және тәртіп» тұ­жы­рым­дамасын насихаттау бағдарламасы ая­сында «Сенің құқықтарың – сенің қор­ға­ның» форумы өтті. Үкімет пен құқық қор­­ғау органдарының, прокуратураның, Эко­номикалық тергеу департаментінің жә­не үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кол­ледж және университет студенттері алдында сөз сөйлеп, әрбір іс әре­кет­тің құ­нын түсіндірді.

Заңгерлер жастардың есірткі сатуға қа­­тысуына ерекше алаңдайды, ал бұл алаяқ­тық түрі талқылаудың негізгі тақы­ры­­бына айналды.

– 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енген Қа­зақстан Республикасының жаңа Конс­ти­туциясы мен Мемлекет басшысы іл­ге­рі­летіп отырған «Заң және тәртіп» идео­ло­гиясы еліміздің саяси-құқықтық да­муы­ның жаңа белесін айқындап берді. Бұл тұ­жырымдама тек құқықтық нормалардың жиынтығы емес, ол – Әділетті Қазақ­стан­ды құрудың стратегиялық негізі және қо­ғамдық тұрақтылықтың басты кепілі. Осы­ған байланысты заңды білген тәртіп сақтайтынын айта кеткім келеді. Көп күш жұмсамай тез ақша табу ұсыныстары құ­қық­тық салдарға әкелуі мүмкін. Тағы бір мә­селе – жастардың  заңсыз заттарды та­ра­туға қатысуы. Егер жастар өз құқық­та­рын, міндеттерін және әрекеттері үшін жауап­кершілікті түсінсе, көптеген тәуе­кел­дердің алдын алуға болады. Сондықтан біз сарапшылар заңды түсіндіретін және өзек­­ті сұрақтарға жауап беретін кезде­су­лер­ді көбірек өткіземіз, – деп атап өтті Әді­лет департаменті басшысының орын­б­а­сары Данияр Байділдин.

Дегенмен заңды жауапкершілік тек ауыр қылмысқа ғана қолданылмайды. Кө­бінесе жастардың маңызды емес деп са­­найтын әрекеттері, мысалы, тыйым са­­лынған жерде темекі шегу, қоқыс лақ­тыру да  ұсақ бұзақылық деп танылып, әкім­шілік жаза қолданылады. 

Полиция департаментінің алдын алу­ды үйлестіру бөлімінің аға инспекторы Оль­га Калашидидің айтуынша, бұл бұзу­шы­лықтарды негізінен Қарағанды ​​қа­ла­сы­ның 16-25 жас аралығындағы тұр­ғын­дары жасайды.

– Жастар тіпті кішігірім болып кө­рі­не­тін құқықбұзушылықтың өзі жауапкер­ші­лікке әкелуі мүмкін екенін түсінуі ке­рек. Жастарды осындай форумдарда бі­рік­тіру арқылы біз оларды жауапкершілік туралы ескертіп қана қоймай, сонымен қа­тар оларға құқықтық мәселелерді тү­сінуге, шешімдерінің салдарын бағалауды үй­ренуге және күмәнді ұсыныстарға қар­сы тұруға көмектескіміз келеді.  Өйткені заң­ды білу – өзіңізді  қорғау. «Заң және тәр­тіп» қағидаты әрбір адамның жеке жауап­кершілігінен басталады,  – деп атап өт­ті Ольга Калашиди.

Түйіндей келе, әр адам өзінің құқығын бі­ліп, заңбұзушылыққа жол бермеу арқы­лы қауіпсіз қоғамның негізін қалайды. Бұл тұжырымға сай жүру жастардың па­ры­зы болуға тиіс.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы