Бүлдіршін Астанадағы облыстық ауруханаға жеткізілген, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Оқиға 21 қазан күні сағат күндізгі 11:00 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі Республика көшесімен келе жатып, кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Оқиғаның куәгерлері көлік кішкентай қызды көліктің бүйір жағындағы айнасымен іліп кетуі мүмкін екенін айтады. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде нақтыланбаған.
– Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен төрт жасар бала медициналық мекемеге жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, бүлдіршіннің миы шайқалғаны айтылған. Қазір қыз Астанадағы облыстық ауруханада дәрігерлердің бақылауында, – деді Ақмола облысының Полиция департаменті.
Қазіргі уақытта құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады. Оқиғаның өзге де мән-жайы әзірге белгісіз.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.